Қытайда өткен
«Discovering Jiangsu» халықаралық академиялық бағдарламасына қатысқан МИТУ
студенттері мен магистранттары университетте арнайы презентация өткізіп, алған
әсерлері мен жаңа тәжірибелерін көпшілікпен бөлісті.
Шара барысында
қатысушылар Қытайдың заманауи жоғары білім беру жүйесі, жасанды интеллекттегі
инновациялар, озық технологиялар, сондай-ақ өндірістік автоматтандыру мен
цифрландыру бағытындағы жетістіктер туралы жан-жақты ақпарат алғандарын атап
өтті. Студенттер сұрақ-жауап және пікірталас форматында өз ойларын ортаға
салып, бағдарлама аясында көрген-білгендерін талқылады.
Бағдарлама
студенттер үшін маңызды мүмкіндік болды. Олардың айтуынша, аталған сапар:
- кәсіби көкжиектерін
кеңейтіп, жаңа перспективалар ашты;
- халықаралық тәжірибе
жинақтауға жол берді;
-
жасанды интеллектке деген қызығушылықты күшейтті;
-
жаңа идеялар мен шығармашылық ынтаның пайда болуына ықпал етті.
Қатысушылар МИТУ басшылығына көрсетілген қолдау мен халықаралық бағдарламаға қатысу мүмкіндігі үшін алғыс білдіріп, алған білімдері мен дағдыларын алдағы ғылыми зерттеулер мен практикалық жобаларда қолдануға ниетті екендерін жеткізді.