Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры METU оқытушысы IT саласындағы практикалық сабақ арқылы студенттердің қызығушылығын арттырды
20 Қараша 2025                  170
METU оқытушысы IT саласындағы практикалық сабақ арқылы студенттердің қызығушылығын арттырды
ПИ-25-1к тобына оқытушы Әлиасқар Мағжан Сүндетұлы ашық сабақ өткізді

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде «Операционные системы и компьютерные сети» пәні бойынша ПИ-25-1к (колледж) тобы үшін оқытушы Әлиасқар Мағжан Сүндетұлы ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы — «Внутреннее устройство ноутбука и операционная система Windows».

Ашық сабақ барысында оқытушы студенттерге ноутбуктың ішкі құрылымы, оның негізгі компоненттері — процессор, жедел жад (RAM), аналық плата, SSD/HDD, салқындату жүйесі, графикалық модуль және басқа техникалық бөліктердің қызметі туралы терең әрі түсінікті ақпарат берді. Сонымен қатар Windows операциялық жүйесінің интерфейсі, жүйелік параметрлері, драйверлер жұмысы, қауіпсіздік құралдары және файлдық жүйе құрылымы бойынша да мазмұнды мәліметтер ұсынды.

Әлиасқар Мағжан Сүндетұлы сабақта өзінің кәсіби біліктілігін, техникалық сауаттылығын және тәжірибесін кеңінен көрсетіп, студенттермен өз білімін жан-жақты бөлісті. Сабақ интерактивті форматта өттіп, нақты мысалдар, визуалды материалдар, практикалық тапсырмалар қолданылды. Бұл тәсіл студенттердің қызығушылығын арттырып, оқу процесіне белсенді қатысуына мүмкіндік берді.

Студенттер ноутбуктың ішкі құрылымы мен Windows жүйесінің жұмыс логикасын тәжірибе жүзінде түсініп, жаңа дағдыларға қол жеткізді. Ашық сабақтың мазмұнды және тартымды өтуі оқытушының студенттермен кәсіби деңгейде жұмыс жасай алатындығын, әрбір білім алушыны қолдап, техникалық ойлауын дамыта алатындығын көрсетті.

METU университеті оқытушыларының осындай сапалы сабақтары студенттердің IT саласына деген қызығушылығын арттырып, кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға үлкен үлес қосуда.