Алматы қаласындағы Бірінші Президент саябағында «Таза Қала» экологиялық акциясы аясында қалалық сенбілік өтті. Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті METU студенттері бұл шараға белсенді қатысып, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін көрсетті.
Студенттер саябақтың жаяу жүргінші аймақтарын тазалап, жасыл желекті күтіп-баптауға көмектесті, қаланың ең танымал демалыс орындарының бірінің көркеюіне үлес қосты. Сенбілік студенттерге табиғатты қорғауға қатысып қана қоймай, бірлескен еңбектің маңызын сезінуге мүмкіндік берді.
METU экологиялық бастамаларды қолдауды жалғастырып, әлеуметтік жауапты және белсенді жастарды тәрбиелеуге бағытталған жобаларды дамытуда.