Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры Студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті
18 Қараша 2025                  6311
Студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті

2025 жылғы 17 қарашада «Бақшасарай» Той үйінде бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Іс-шара қуатты атмосферада өтіп, оқу орнының дәстүрлерін дәріптеуге, студенттердің ұйымшылдығын нығайтуға бағытталды.

Салтанатты кеш барысында студенттерге құттықтау сөздер айтылып, шығармашылық нөмірлер көрсетіліп, белсенді білім алушылар марапатталды. Жаңа студенттер өздерінің студенттік анттарын қабылдап, жаңа кезеңнің басталғанын ерекше сезіммен атап өтті.

Іс-шара оқу орнының рухын көтеріп, студенттерге жарқын әсер сыйлады.