2025 жылғы
24 қарашада «Туристік дестинацияларды брендтеу», «Ішкі және шығу туризмі»
пәндері және Work and Travel клубы аясында Arman Kopir жаңа
туристік локациясында көшпелі дәріс пен эдвайзерлік сағат ұйымдастырылды.
Сабақтың
көшпелі форматы студенттерге туристік нысанды нақты ортада қарастырып, оны
қонақ көзімен бағалауға мүмкіндік берді. Талқылау барысында білім алушылар
туристік дестинацияларда жиі жетіспейтін негізгі факторларды атап өтті: тұтас
брендтің болмауы, сервистің сапасы, ыңғайлы навигация және келушілерге эмоция
сыйлайтын айрықша элементтер.
Кездесу
қорытындысы бойынша мықты туристік тәжірибе әрдайым ұсақ-түйекке мән беру мен
қонаққа бағытталған көзқарас арқылы қалыптасатыны айқындалды. Іс-шара
студенттердің практикалық дағдыларын дамытуға және теорияны нақты тәжірибемен
ұштастыруға ықпал етті.