Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры Қаржылық есептілік бойынша қонақ дәрісі
28 Қараша 2025                  191
Қаржылық есептілік бойынша қонақ дәрісі

2025 жылғы 28 қарашада «Экономика және бизнес» кафедрасында «Қаржылық есептілікті ұсыну» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

Дәрісті «Прогресс» АҚ Мәскеу қаласындағы өкілдігінің бас бухгалтері Левицкая Галина Витославовна жүргізді. Дәріс барысында қаржылық есептілікті дайындау мен ұсынудың практикалық аспектілері, сондай-ақ оны дұрыс ресімдеу және талдау талаптары қарастырылды.

Қонақ дәрісін ұйымдастыру «Экономика және бизнес» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Атчабарова Айгүл Малибекқызының бастамасымен жүзеге асырылды.

Дәріс студенттердің үлкен қызығушылығын тудырып, олардың практикалық білімдерін кеңейтуге және кәсіби көкжиектерін дамытуға ықпал етті.