Ұлттық тестілеу орталығы Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған онлайн байқау сынақтарының жаңартылғанын хабарлады. Жаңартылған тестілер барлық талапкерлер үшін онлайн форматта қолжетімді.
Тегін байқау сынағын prob-ent.testcenter.kz сайтында өтуге болады. Ол үшін талапкер ИИН енгізіп, қажетті ақпаратты толтырып, тестілеуді бастайды.
Ақылы байқау сынағын app.testcenter.kz платформасында өтуге болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп, жеке кабинетке кіру, «Байқау тестілеу» бөлімін таңдау, «Байқау ҰБТ» немесе «ONLINE байқау тестілеу» нұсқасын белгілеу, содан кейін тестілеу мүмкіндігін сатып алып, төлем жасау қажет.
Жаңартылған байқау тестілері талапкерлерге өз дайындық
деңгейін бағалауға, тапсырмалар форматына алдын ала үйренуге және негізгі
ҰБТ-ға сенімді түрде дайындалуға мүмкіндік береді.
Автор: Мусақызы Ж.