2025
жылғы 26 қарашада ТМО-25-1.2.к. тобында көрнекті қазақ қайраткері Мыржақып
Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына арналған кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шара
эдвайзерлер координаторы Шаймұханова С.Д. және топ кураторы — техникалық
ғылымдар магистрі, ТиПП кафедрасының лекторы
Мәжиева Э.М., ұйымдастыруымен өткізілді.
Іс-шара
барысында студенттер жазушының өмірі мен шығармашылығының негізгі кезеңдерін,
оның қоғамдық-саяси қызметі мен ұлттық мәдениет пен білім беру саласына қосқан
үлесін қамтыған тақырыптық презентациялар мен баяндамалар дайындап ұсынды.
Мыржақып
Дулатов (1885–1935) — ақын, жазушы, публицист, қоғам қайраткері және
ағартушы-педагог. Қазақстан тарихында оның есімі ХХ ғасырдың басында қазақ
халқының ұлттық санасын оятуда үлкен рөл атқарған ұлттық зиялы қауым өкілдері —
Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлының қатарында аталады. Ол қоғамдық-саяси
өмірге белсенді араласып, Алашорда үкіметінің мүшесі ретінде білім беру,
әдебиет және тәуелсіздік идеясын дамыту ісіне зор үлес қосты.
Ерекше
назар 1911 жылы жарық көріп, кейін Бас баспасөз басқармасы тарапынан
тәркіленген «Оян, қазақ!» атты атақты жинағына аударылды. Автор бұл туралы өз
естеліктерінде жазған. Аталған еңбек ұлтты оятуға бағытталған маңызды
идеологиялық әрі рухани үндеу болып, ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының қоғамдық
санасының қалыптасуына зор ықпал етті.
Кураторлық
сағат соңында студенттер «Оян, қазақ!» жинағынан Мыржақып Дулатұлының өлеңдерін
оқып, оның ұлттық сана, бостандық, ағартушылық және азаматтық жауапкершілік
туралы ойларының өзектілігін атап өтті.