Халықаралық инженерлік-технологиялық университет METU
2025 жылғы 4 желтоқсанда университет кампусында «Hiring & Innovation Forum
METU» форумын және студенттердің инженерлік және AI-жобаларының көрмесін
өткізеді.
Форум бизнес өкілдерін, академиялық ортаны және
индустрия мамандарын кадрлық сұраныстарды, инновациялық шешімдерді және
инженерлік бағыттардың болашағын талқылау үшін біріктіреді. Қатысушылар
студенттер мен стартап авторларының жобаларымен танысып, олардың практикалық
қолдану әлеуетін бағалай алады.
METU жұмыс берушілерді, серіктестерді және шараға
қызығушылық танытқан қонақтарды форумға қатысуға шақырады. Форумда тағылымдама,
практика және бірлескен бастамаларға қатысты жаңа мүмкіндіктер талқыланады.
Тіркелу
сілтемесі:
https://forum.metu.kz
Автор: Мусақызы Ж.