Главная Новости METU студенттері — ОФ «Қазақстан халқына» білім беру гранттарының иегерлері Zoom-конференцияға қатысты
01 Желтоқсан 2025                  515
METU студенттері — ОФ «Қазақстан халқына» білім беру гранттарының иегерлері Zoom-конференцияға қатысты

2025 жылғы 1 желтоқсанда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің METU студенттері, ОФ «Қазақстан халқына» білім беру гранттарының иегерлері, «Endowment Qazaqstan Halyqyna» қоры ұйымдастырған Zoom-конференцияға қатысты.

Кездесу барысында ОФ «Қазақстан халқына» Басқарма Төрайымы Ляззат Алтынбекқызы Чинкисбаева студенттерді грант иегері атануымен тағы да құттықтап, оларға құнды ақыл-кеңес пен мотивациялық сөздер айтты. Ол жастардың ел дамуына қосатын үлесінің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар спикер қор жұмысы, қолдау тетіктері және білім гранты бағдарламасы туралы толық ақпарат беріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

METU грант иегерлері белсенділік танытып, оқу процесіне, қаржыландыруға және болашақ мүмкіндіктерге қатысты сұрақтар қойды. Кездесу соңында олар қор өкілдеріне көрсетілген қамқорлық пен қолдау үшін алғыстарын білдірді.

Автор: Мусақызы Ж.