2025 жылғы 2
желтоқсанда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Экономика
және бизнес» кафедрасы «Мен — кәсіпкермін» атты стартап-жобалар байқауын
өткізді. Байқауға кафедраның барлық білім беру бағдарламаларының студенттері
қатысты.
Байқауға
50-ден астам өтінім қабылданып, олардың ішінен сараптамалық комиссия үздік
жобаларды іріктеп алды. Қатысушылар туризм, қаржы, кәсіпкерлік және
инновациялық даму бағыттарында өз жобаларын ұсынып, креативті ойлау қабілеті
мен идеяларды практикада іске асыру көзқарасын көрсетті.
Байқау
қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
I дәрежелі
диплом
Дархан Аяжан, Тур-25-1.2р
II дәрежелі
диплом
Степанец Роман, Туризм-23-3р
Отарбаев Абай, Болатбеков Төлеби, Кожамжарова Асель, Шанчарбаев Амир —
Тур-24-1р
III дәрежелі
диплом
Злётова Вероника, Ким Светлана, Янова Валерия — Фин-23-1р
Тойбаева Камилла, Гладких Иван, Сайынқызы Гүлден, Бакыт Ринат
Ержанқызы Гүлжазира, Байхонов Жан, Қалила Зульфия, Казиева Дильназ —
Тур-24-1.2к
Байқау
талантты студенттерді анықтауға, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға және
стартап-жобаларды әзірлеу бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыруға маңызды
алаң болды.
«Экономика
және бизнес» кафедрасы студенттердің бастамаларын қолдауды жалғастырып,
инновациялық ойлау мен кәсіби дамуға жағдай жасауды басты басымдық ретінде
қарастырады.