Халықаралық ынтымақтастық департаменті Universitas Diponegoro (Семаранг, Индонезия) ұйымдастыратын халықаралық DEEP Scholarship – Diponegoro Exchange Experience Programme студенттік алмасу бағдарламасына өтінім қабылдаудың басталғанын хабарлайды.
Бағдарлама Индонезияның жетекші университеттерінің бірінде бір семестр тегін оқу мүмкіндігін ұсынады.
Бағдарлама бағыты - Business Administration (бакалавриат)
Оқу мерзімі - 1 академиялық семестр
2026 жылғы ақпан – 2026 жылғы маусым
Стипендия қамтиды:
тіркеу жарнасы;
оқу ақысының толық өтелуі;
бір реттік көтерме ақы;
ай сайынғы шәкіртақы;
әуежайдан күтіп алу (сұраныс бойынша);
мәдени бағдарлама;
медициналық сақтандыру.
Қатысу талаптары:
белсенді бакалавриат студенті;
ағылшын тілі деңгейі: TOEFL PBT 500 / IELTS 5.5 немесе баламасы;
GPA 3.00 / 4.00 және жоғары.
Өтінім қабылдау мерзімі - 2025 жылғы 28 қарашаға дейін
Қосымша ақпарат және құжат тапсыру:
МИТУ Халықаралық ынтымақтастық департаменті
1-оқу корпусы, 73-кабинет
Тел.: +7 702 668 25 03