Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры Болашаққа қадам: METU Программалық инженерия кафедрасы жаңа лабораторияның таныстырылымын өткізді
04 Желтоқсан 2025                  140
Болашаққа қадам: METU Программалық инженерия кафедрасы жаңа лабораторияның таныстырылымын өткізді
METU: Программная инженерия кафедрасында жаңа лаборатория ашылды**

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) Hiring & Innovation Forum METU форумы аясында Программная инженерия кафедрасының жаңа инновациялық лабораториясының ашылу салтанаты өтті.

Жаңа лабораторияның негізгі мақсаты – студенттердің практикалық дағдыларын дамытып, IT индустриясының заманауи талаптарына сай стартап жобаларды, инновациялық өнімдерді және дипломдық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беру. Лаборатория академиялық білім мен практикалық инновацияны біріктіретін шығармашылық орта ретінде қызмет атқарады.

Ашылу рәсіміне университет басшылығы, кафедра оқытушылары, форумның қатысушылары және IT саласының серіктес компаниялары қатысты. Шара барысында форум қонақтары лабораторияның техникалық мүмкіндіктерімен, жабдықтарымен және жаңа оқу форматымен танысты.

Hiring & Innovation Forum METU – студенттер, жұмыс берушілер және сарапшылар бас қосатын университеттің ірі алаңдарының бірі. Форум аясында шеберлік сабақтары, панельдік пікірталастар, стартап таныстырылымдар және карьералық мүмкіндіктер туралы кездесулер өтті.

Жаңа лабораторияның іске қосылуы METU-дің білім беру сапасын арттыру, тәжірибеге бағытталған оқытуды дамыту және заманауи IT мамандарын даярлау бағытындағы маңызды қадам болып табылады.

Университет ұжымы жаңа лаборатория студенттердің кәсіби өсуіне, ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуына және инновациялық экожүйенің қалыптасуына елеулі үлес қосады деп сенеді.