Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры Сельчук университетінің профессоры Prof. Dr. Necmi UYANIK МЕТU-де қонақ дәрісін өткізді
05 Желтоқсан 2025                  27
Сельчук университетінің профессоры Prof. Dr. Necmi UYANIK МЕТU-де қонақ дәрісін өткізді

2025 жылғы 5 желтоқсанда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде маңызды академиялық шара өтті — Түркияның Конья қаласында орналасқан Сельчук университетінің (Selçuk Üniversitesi) профессоры Prof. Dr. Necmi UYANIK «Тарих, мәдени мұра және тұрақты туризм» тақырыбында қонақ дәріс оқыды.

Профессорды шақыру бастамасын экономика ғылымдарының магистрлері, «Экономика және бизнес» кафедрасының лекторлары —
Нұрбекова Шынар Құрмашқызы және Доскаранова Асия Мұратқызы көтерді.

Дәріске «Туризм» және «Маркетинг» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысып, тақырыпқа жоғары қызығушылық танытып, талқылауға белсенді араласты.

Prof. Dr. Necmi Uyanık тұрақты туризмнің дамуына әсер ететін тарихи және мәдени факторларға терең ғылыми талдау жасап, мұраны болашақ ұрпақ үшін сақтаудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар, қазіргі туристік дестинацияларда қолданылатын халықаралық тәжірибелер мен стратегиялық тәсілдерге тоқталды.

Бұл дәріс МЕTU мен Сельчук университеті арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосып, студенттердің ғылыми дүниетанымын кеңейтті және халықаралық байланыстарды дамытуға ықпал етті.

«Экономика және бизнес» кафедрасы алдағы уақытта да халықаралық серіктестіктерді кеңейтіп, студенттердің әлемдік тәжірибе мен жетекші ғылыми білімге қол жеткізуіне жағдай жасауды жалғастырады.