15 наурыз, 2017                  1788
«Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы пәнін жоғары оқу орындарында оқытудың тәжірибелері мен болашағы» атты
дөңгелек үстел
14.03.2017 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-де «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы пәнін жоғары оқу орындарында оқытудың тәжірибелері мен болашағы» атты дөңгелек үстел болып өтті. Мақсаты: ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес заман талабына сай сапалы білімге қажеттілікті арттыруға бағытталған негізгі міндеттерді атқаруға қол жеткізу. Дөңгелек үстел жұмысының барысында «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінің алдында тұрған міндеттерді саралау, оқытудың сапасын арттыру мәселелері қаралды. Дөңгелек үстелге кафедраның аға оқытушылары Нуртазаева А.Б. және Несипбаева Ж.Ж. қатысты.