Главная Новости METU-де «AI METU HUB» жасанды интеллект және цифрлық инженерия орталығы ашылды
04 Желтоқсан 2025                  506
METU-де «AI METU HUB» жасанды интеллект және цифрлық инженерия орталығы ашылды

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) «AI METU HUB» жасанды интеллект және цифрлық инженерия орталығының салтанатты ашылуы өтті. Орталық жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, жаңа буын мамандарын даярлауға және инновациялық шешімдер әзірлеуге арналған негізгі платформаға айналды.


«AI METU HUB» индустрияның өзекті талаптарына жауап беретін стартаптар, прототиптер және цифрлық шешімдер жасауға мүмкіндік береді. Мұнда білім алушылар мен жас зерттеушілер өз жобаларын әзірлеп, AI-технологияларды нақты секторға енгізе алады және болашақтың сын-тегеуріндеріне дайындалады.

Орталықтың ашылуы METU-дың білім, ғылым және бизнесті біріктіруге деген ұмтылысын көрсетіп, оқу үдерісі мен зерттеулердің практикалық бағыттылығын күшейтті.


«AI METU HUB» — Қазақстан индустриясын трансформациялауға қабілетті инженерлер мен жаңа технологиялар қалыптасатын орта.