МИТУ кітапханасында Тәуелсіздік күні мен Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын насихаттауға бағытталған арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің ел тарихындағы орны мен оның тәуелсіздікке бастаған жолдағы рөлін оқырмандарға кеңінен таныстыру, сол кезеңге қатысты деректерді, естеліктерді және ғылыми еңбектерді көпшілікке қолжетімді ету. Көрмеде Желтоқсан тақырыбын әр қырынан ашатын құнды еңбектер қойылған. Атап айтсақ, «Желтоқсан. 1986», «Қасіретті Желтоқсан», «Тәуелсіздіктің нұрлы таңы», «Дала драмасы. 1986», «Желтоқсан көтерілісі» сияқты зерттеу кітаптары мен деректі жинақтар, сол кезеңді көзімен көрген жастардың естеліктері ұсынылған. Сонымен қатар сирек басылымдар, архивтік материалдар мен сол уақыттағы баспасөз беттерінен алынған деректер көрме мазмұнын толықтыра түсті.