Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде METU (Middle East Technical University) студенттерімен кездесу өтеді. Іс-шараның мақсаты – цифрлық трансформация, жасанды интеллекттің даму үрдістері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықсыз қоғам қалыптастыру жолдарын бірлесіп талқылау.
Кездесу барысында студенттер мен сарапшылар жаңа технологиялардың қоғамға әсері, цифрлық қауіпсіздік, инновациялық шешімдер мен ашық басқару механизмдері туралы пікір алмасады.
Бұл ынтымақтастық екі университет арасындағы халықаралық серіктестікті нығайтып, жас ғалымдар мен мамандарға жаңа жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.