Кафедрада техника ғылымдарының магистр-лекторы Э.М. Мажиева «Наубайхана өндірісінің жабдықтары мен ағындық желілері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында наубайхана өндірісінде қолданылатын заманауи жабдық түрлері, ағындық желілердің жұмыс принциптері, сондай-ақ олардың қауіпсіз және тиімді эксплуатациялау мәселелері қарастырылды.
6В07103 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар» білім беру бағдарламасының студенттері теориялық білімдерін толықтырып, саланың инженерлік тәжірибесімен жақынырақ танысты.