Главная Новости «Желтоқсан. Еркіндікке ұмтылған жүректер» атты әдеби-танымдық кеш
10 Желтоқсан 2025                  531
«Желтоқсан. Еркіндікке ұмтылған жүректер» атты әдеби-танымдық кеш

 МИТУ-да Тәуелсіздік күні қарсаңында «Желтоқсан. Еркіндікке ұмтылған жүректер» атты әсерлі де мазмұнды әдеби-танымдық кездесу кеші өтті. Шараның мақсаты – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын жастарға терең түсіндіру, еркіндік жолында күрескен азаматтардың ерлігін дәріптеу, сол кезеңнің шынайы бейнесін бүгінгі ұрпаққа жеткізу.Кештің құрметті қонағы – Желтоқсан оқиғасының ардагері, Қазақстан Авторлар қоғамының мүшесі, композитор және педагог Шолпан Бақытжанқызы Қисымбетова. Ол сол бір сындарлы сәттердің қуанышы мен қайғысын, жалын мен жігерін, жастардың отансүйгіш рухын өз естеліктері арқылы әсерлі жеткізді.Шара барысында қатысушылар Желтоқсан оқиғасының ел тәуелсіздігіне апарар жолдағы ерекше рөлі, оған қатысқан жастардың қайсарлығы мен ерлігі туралы тың деректер естіп, тарихи мағлұматтармен танысты.

Кездесу жастардың рухани ой-өрісін кеңейтіп, елдік мұратқа деген көзқарасын тереңдете түскен тағылымды шара болды.