Цзянсуский политехникалық институтының өкілдері — Цзя Шилунь (партиялық бөлім басшысы), Цинь Хэнфэй (ғылым және технология басқармасының директоры), Ни Чжан (Автомобиль және көлік инжинирингі институты деканының орынбасары) және Чжан Ян (Халықаралық білім беру институты деканының орынбасары) — METU университетіне ресми сапармен келіп, ректор Акпанбетов Дархан Берікұлымен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол қойды.
Цзянсу политехникалық институты — 25 000-нан астам студенті және 1 700 оқытушысы бар, Қытайдың жетекші мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірі. Университет ғылыми зерттеулер мен қолданбалы технологияларды дамытуда кең тәжірибеге ие.
Жаңа меморандум METU үшін маңызды мүмкіндіктер ашады:
– қос дипломды бағдарламаларды іске қосу,
– бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын дамыту,
– академиялық алмасу бағдарламаларын кеңейту,
– инженерия, технология және инновациялар саласында серіктестікті тереңдету.
Бұл ынтымақтастық METU студенттері мен оқытушыларына халықаралық деңгейде білім алып, ғылыми әлеуетін арттыруға және инновациялық ортада дамуға жол ашатын маңызды қадам болды.