2025 жылдың 12 желтоқсанында METU Debate Club-ының ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Жастар саясаты департаменті мен Ғылыми кітапхана өкілдері қатысып, клубтың ресми түрде жұмысты бастағанына куә болды.
Ашылу рәсімін ұйым басшылары — Мейрамбек Бауржанұлы мен Гауһар Ерболовна жүргізді. Шара барысында 1-курс студенттері арасында дайындық форматында шағын дебат ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 2-курс студенті қазылар алқасының мүшесі әрі тайм-спикер қызметін атқарды.
Клуб алдағы уақытта ауқымды жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, дебаттың үш тілде — қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дамытылуы бойынша жоба ұсынылды.