2025 жылдың 5 желтоқсан күні университетіміздің ART CENTER шығармашылық орталығының алғашқы жеке концерті — “Diamond Show” ерекше әсермен өтті. Бұл кеш нағыз өнер мерекесіне айналып, сахнада жарқыраған би қойылымдары, жүрекке жеткен әндер, сондай-ақ көрермендерді бірден баурап алған қызықты ойындар ұсынылды. Әрбір номер залды энергияға толтырып, көрермендердің ыстық қошеметі мен шынайы қолдауына ие болды. Кеш барысында белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталып, залда қуаныш пен көтеріңкі көңіл күй орнады. “Diamond Show” — бұл жай ғана концерт емес, студенттердің шығармашылық әлеуетін, өнерге деген махаббатын және сахнадағы еркіндігін айқын көрсеткен жарқын шоу болды. ART CENTER-дің алғашқы концерті жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге ұмытылмас эмоция сыйлады. “Diamond Show” алдағы үлкен шығармашылық жобалардың сенімді бастауы болып, университет өміріндегі есте қаларлық оқиғалардың біріне айналды.