Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Таланттар бірлігі: МИТУ-да Тәуелсіздік күнін мерекелеу!
15 Желтоқсан 2025                  330
Таланттар бірлігі: МИТУ-да Тәуелсіздік күнін мерекелеу!

Осы маңызды күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, ХИТУ студенттері Отанға деген сүйіспеншілігін және мәдениеттердің алуан түрлілігін көрсетіп, бейнероликтер онлайн-байқауында бас қосты.

Көрермендердің жүрегін жаулап алып, абсолютті жеңімпаз атанған — ағылшын тілінде мінсіз жобасын ұсынған Қуанышева Диляра (Финанс 1.1р тобы). Оның жеңісі — студенттеріміздің халықаралық деңгейде дайындалып жатқанын дәлелдейтін жарқын үлгі!

Сонымен қатар, орыс тілінде өнер көрсеткен қатысушылар — Ақанова Аружан мен Әмірханұлы Дастан (ПИ-1.2 тобы), сондай-ақ мемлекеттік тілде ерекше жылы әсер қалдырған СС-25-1 тобының студенттерінің де еңбектерін зор мақтанышпен атап өтеміз.

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер  және әлем тілдері» кафедрасының асс. профессорлары — А.С.Сисенбаева, Ж.А.Түкебаева және М.Игілікке көрсеткен қолдауы мен адалдығы үшін ерекше алғыс білдіреміз.

Осы мерекені ұмытылмастай әрі жүрекке жылы етіп өткізген барлық қатысушыларға шын жүректен алғысымызды білдіреміз!