16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде WING халықаралық студенттік комьюнитиінің кезекті тағылымдық іс-шарасы өтті. Іс-шара еліміздің тарихындағы маңызды оқиғаларға арналды.
Іс-шараның басында Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Шохаева Карлыгаш Нұрланқызы құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде студенттерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бұл мемлекеттік мерекенің ерекше маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ еліміздің тәуелсіздігі оңай жолмен келмегенін айтып, тарихи жадты сақтау мен өткенге құрметпен қараудың маңызын ерекше атап өтті.
Іс-шара аясында студенттер 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғаларына арналған презентация ұсынып, олардың тарихи алғышарттарын, барысын және Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуындағы рөлін талқылады.
Кездесу интерактивті форматта өтті. Студенттер белсенді түрде пікірталасқа қатысып, сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ желтоқсан оқиғаларына қатысты негізгі деректер мен тарихи фактілерді өздері баяндады.
Іс-шараға сондай-ақ WING комьюнитиінің құрамындағы шетелдік студенттер де қатысты. Олар Қазақстан тарихымен танысып, елдің тәуелсіздікке жету жолы мен мәдени-тарихи ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейтті.
Осындай іс-шаралар патриоттық тәрбие беруге, тарихи сананы қалыптастыруға және көпмәдениетті білім беру ортасын дамытуға ықпал етеді. WING студенттік комьюнитиі алдағы уақытта да METU-да белсенді және әлеуметтік жауапты студенттік ортаны дамытуға бағытталған бастамаларды жалғастырады.