2025 жылдың 4 желтоқсанында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде Hiring & Innovation Forum METU форумы өтті. Бұл шара — жұмыс берушілер форумы мен студенттердің инженерлік және жасанды интеллект бағытындағы инновациялық жобаларының көрмесі болып табылады.
Іс-шараны университет ректоры Акпанбетов Д.Б. ,ашып, қатысушыларды құттықтап, студенттердің инновациялық әлеуетін дамыту маңыздылығын атап өтті. Пленарлық отырыстан кейін студенттердің ғылыми жобаларының көрмесі ұйымдастырылды.
«Smart технологиялар инженерияда» кафедрасы Icardy ғылыми жобасын ұсынды. Жобаны лекторлар Айжанова А.Е. мен Нургалиева А.А. таныстырды. Сонымен қатар, кафедра студенттері өздерінің «Ақылды машина», «Өрмекші» және «Шлагбаум» жобаларын көрсетті.
Жұмыс берушілер студенттердің жобаларына үлкен қызығушылық танытып, олардың тәжірибелік қолданылуы туралы сұрақтар қойды. Форум соңында инженерия және жасанды интеллект саласында ынтымақтастық орнату мен инновациялық технологияларды енгізу мәселелері талқыланған пікірталас алаңы және нетворкинг өтті.