2025 жылғы 19 желтоқсанда METU университетінде
«Traditions and Customs of Kazakhstan» тақырыбында дөңгелек үстел
ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға «ТМО» және «Туризм»
мамандықтарының 1-курс студенттері, сондай-ақ «Биотехнология» мамандығының
2-курс студенттері қатысты.
Дөңгелек үстелдің
негізгі мақсаты – Қазақстанның ұлттық дәстүрлері мен салт-жоралғыларын
ғылыми-мәдени тұрғыда талқылау, жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу
және халықаралық мәдени диалогты дамыту.
Іс-шара қазақ
халқының ұлттық музыкалық аспабы – домбырамен салтанатты түрде ашылды.
Домбыраның тарихи маңызы, құрылымы, мәдениеттегі рөлі және қазақ халқының
рухани дүниетанымындағы орны туралы мазмұнды презентация ұсынылды. Бұл бөлім
студенттердің ұлттық музыкаға деген қызығушылығын арттырып, дәстүр мен
мәдениетті ғылыми тұрғыда түсінуге мүмкіндік берді.
Дөңгелек үстелдің
құрметті қонағы – PhD, Пәкістан Республикасының Синд провинциясы, Суккур қаласындағы Sukkur IBA
University университетінің докторы Зафарулла Сахито мырза
болды. Қонақпен кездесу онлайн форматта Google Meet платформасы арқылы
өткізілді. Өз сөзінде Сахито мырза Қазақстан мәдениетіне қатысты көзқарасын
білдіріп, қазақ халқының салт-дәстүрлерінің ерекшеліктері мен олардың
халықаралық деңгейдегі маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, түрлі мәдениеттер
арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар салыстырмалы түрде талқыланды.
Іс-шара
студенттердің белсенді қатысуымен, сұрақ-жауап форматындағы мазмұнды пікір
алмасумен жалғасты. Дөңгелек үстел мәдени-ғылыми тұрғыда жоғары деңгейде
ұйымдастырылып, қатысушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырды.
Қорытындылай келе,
аталған дөңгелек үстел студенттердің мәдени танымын кеңейтіп, ұлттық
дәстүрлерді халықаралық деңгейде насихаттаудың маңыздылығын айқындады.