Главная Новости 2025 жылғы 25 желтоқсанда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) Бақылау кеңесінің кезекті отырысы өтті
25 Желтоқсан 2025                  143
2025 жылғы 25 желтоқсанда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) Бақылау кеңесінің кезекті отырысы өтті

2025 жылғы 25 желтоқсанда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) университеттің стратегиялық міндеттерінің кеңеюі мен трансформациясына байланысты жаңартылған құрамда Бақылау кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Бақылау кеңесінің жаңартылған құрамына төмендегі тұлғалар енді:

  • Жұмағұлов Руслан Бақытжанұлы — «ТАУ-КЕН САМРУК» ҰК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі бас директоры, профессор, экономика ғылымдарының докторы;

  • Герхард Амман (Gerhard Ammann) — «Bank Von Roll» банкінің президенті (Швейцария);

  • Дүйсембеков Бахытжан Әлішерұлы — Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Басқарма төрағасы, биология ғылымдарының кандидаты, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, аграрлық ғылым саласындағы академик А. И. Бараев атындағы сыйлықтың лауреаты;

  • Құртаев Әлімжан Сейтжанұлы — мемлекет және қоғам қайраткері, техника ғылымдарының докторы, академик;

  • Саданов Аманкелді Құрбанұлы — «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың екі мәрте лауреаты, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик;

  • Бектемесов Мақтағали Әбдімажитұлы — «Ақпараттық және есептеу технологиялары институты» ШЖҚ РМК бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор;

  • Тұрлыханов Даулет Болатұлы — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, Сеул қаласында өткен XXIV жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Барселона қаласында өткен XXV жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем және Еуропа чемпионы, Әлем кубогының екі дүркін иегері, педагогика ғылымдарының кандидаты;

  • Ордабаев Олжас Темірбекұлы — Аймақтар экономикасының тұрақты дамуы қоғамдық қорының директоры;

  • Сәтенбаев Еркін Нышанбайұлы — «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ ғылым басқармасының басшысы, техника ғылымдарының кандидаты;

  • Ақтау Әлия Ержанқызы — «Data Group» ЖШС тең құрылтайшысы және бас директоры;

  • Омар Әлихан Дәулетұлы — Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің 4-курс студенті.

Бақылау кеңесі мүшелерінің бірауыздан қабылданған шешімімен Кеңес төрағасы болып профессор Жұмағұлов Руслан Бақытжанұлы сайланды.

Отырыс барысында университет ректоры Ақпанбетов Дархан Берікұлы МИТУ қызметінің қорытындылары бойынша баяндама жасап, университетті сапалы білім беруді, белсенді ғылыми-зерттеу қызметін және заманауи инфрақұрылымды табысты ұштастырып отырған қарқынды дамып келе жатқан жоғары оқу орны ретінде атап өтті.

Баяндамада университеттің даму перспективаларына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, МИТУ-дың білім беру моделін трансформациялауға бағытталған кешенді жоба, интернационалдандыру, AI-бағытталған және дербестендірілген оқыту тәсілдерін енгізу, білім алушының цифрлық профилін қалыптастыру, сондай-ақ білім берудің гибридті форматтарын дамыту мәселелері қамтылды. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу белсенділігін арттыруға, зияткерлік меншікті дамытуға және стартап-бастамаларды қолдауға бағытталған университеттің ғылыми-инновациялық және AI-бағытталған экожүйесін дамыту жөніндегі кешенді жоба ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша Халықаралық инженерлік-технологиялық университетін одан әрі дамытуға қатысты негізгі мәселелер талқыланып, оның стратегиялық дамуының басым бағыттары айқындалды.