Аға оқытушы Таутаева А.Т. «Ашыту өндірістері және шарап жасау технологиясы» пәні бойынша «Газдалған сусындар және табиғи шырындар өндірісінің технологиясы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында газдалған сусындар мен табиғи шырындарды өндірудің технологиялық үдерістерінің негізгі кезеңдері, шикізатқа қойылатын талаптар, суды дайындау ерекшеліктері, газдандыру әдістері, сондай-ақ дайын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау мәселелері қарастырылды. Қазіргі заманғы технологиялар мен саланың даму үрдістеріне ерекше назар аударылды.
Ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтіп, көрнекі материалдар мен студенттердің белсенді қатысуы арқылы оқу материалының тиімді меңгерілуіне ықпал етті.