Аға оқытушы Даулетханқызы А. «Ет және ет өнімдерінің технологиясы» пәні бойынша «Шұжық дайындау технологиясы. Шикізатты өңдеу және қажетті заттарды дайындау» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында шұжық өнімдерін дайындаудың негізгі технологиялық кезеңдері, ет шикізатын өңдеу ерекшеліктері, қосалқы және қажетті компоненттерді дайындау талаптары, сондай-ақ дайын өнімнің сапасын бақылау және санитарлық-гигиеналық нормалар қарастырылды. Сабақ студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталды.
Ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтіп, көрнекі материалдар мен студенттердің белсенді қатысуымен өтті.