«Экономика
және бизнес» кафедрасында «Білім беру процесінің цифрлық трансформациясы
және басқару» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.
Семинар
спикері — Тлеужанова Манатжан Әшімқұлқызы, қауымдастырылған профессор,
экономика ғылымдарының кандидаты.
Семинар
барысында кафедраның профессор-оқытушылар құрамына білім беру үдерісін
цифрландырудың заманауи тәсілдері, оқытуға ақпараттық технологияларды енгізу,
сондай-ақ цифрлық трансформация жағдайында оқу процесін басқару мәселелері қарастырылды.
Цифрлық платформаларды, электрондық білім беру ресурстарын және аналитикалық
құралдарды пайдалану арқылы оқыту сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар
аударылды.
Өткізілген
семинар оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, цифрлық дағдыларын
дамытуға және кафедрада білім беру процесін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін
енгізуге ықпал етті.