Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры METU студенттері каникулды қалай өткізуде
13 Қаңтар 2026                  6436
METU студенттері каникулды қалай өткізуде

«Экономика және бизнес» кафедрасының студенттері үшін каникул — тек демалыс емес, сонымен қатар кәсіби даму, тәжірибе жинақтау және университетімізді таныту кезеңі.

Соның жарқын үлгісі — Сұлтанмұрат Жанель (Тур-23-1к тобы). Қазіргі уақытта Жанель каникулын кәсіби қызметімен сәтті үйлестіріп, Мальдив аралдарында, Сингапурда, Малайзияда және Балиде гид болып жұмыс істеуде. Бұл халықаралық тәжірибе оған кәсіби дағдыларын жетілдіруге және METU – Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде алған білімін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік беріп отыр.

Сонымен қатар, каникул кезінде туған қалаларына барған студенттер кәсіби бағдар беру жұмыстарына белсенді қатысты. Олар өз мектептерінде кездесулер өткізіп, жоғары сынып оқушыларына METU университетінің мүмкіндіктері, «Экономика және бизнес» кафедрасының білім беру бағдарламалары, студенттік өмір мен болашақтағы кәсіби перспективалар туралы ақпарат берді. Осылайша студенттеріміз университетіміздің нағыз елшілеріне айналып, METU брендингін ілгерілетуге және талапкерлерді тартуға өз үлестерін қосты.

Бұл бастамалар METU-де оқу тек теориямен шектелмей, нақты тәжірибе, халықаралық мүмкіндіктер және табысты болашаққа жол ашатынын айқын көрсетеді.