2026 жылғы 14 қаңтарда
Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Инженериядағы Smart
технологиялар» кафедрасы «Жоғары білім
берудегі цифрландыру мен жасанды интеллект: сапа және оқытушының жаңа рөлі»
тақырыбында Қысқы мектеп–2026 аясында оқу-әдістемелік конференция өткізді.
Іс-шара жоғары білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформацияның өзекті
мәселелерін талқылауға және тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаңға айналды.
Кафедра меңгерушісі Бактыбаева М.К. кіріспе және
бағдарламалық баяндама жасап, «Пәнаралық
инженерлік жобалардағы сквозной цифрлық технологияларды біріктіру: цифрлық
инжинирингтің әдістемелік аспектілері» тақырыбында баяндама жасады. Ол
болашақ инженерлердің цифрлық құзыреттерін дамыту мен заманауи технологияларды
оқу бағдарламаларына енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Кафедраның
лекторы Тұрдыбек Б. «Жасанды
интеллектіні робототехника бойынша оқу жобаларына интеграциялау»
тақырыбында баяндама жасап, инженерлік пәндерде жасанды интеллектіні
пайдаланудың практикалық маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, робототехника
мен машиналық оқыту элементтерін қамтитын білім беру жобаларының табысты жүзеге
асырылу мысалдарын ұсынды.
Доцент
Адамбаев М.Ж. «Күрделі
энергетикалық басқару нысандарын барабар сәйкестендіру әдісін әзірлеу» тақырыбында
ғылыми баяндама жасап, күрделі энергетикалық жүйелерді модельдеу мен басқарудың
өзекті мәселелерін қарастырды. Ол интеллектуалды сәйкестендіру әдістерін
енгізудің инженерлік шешімдердің тиімділігін арттырудағы рөлін атап өтті.
«КомИнжиниринг»
ЖШС өкілі Смаханов А. Е. «Жасанды
интеллектіні пайдалану арқылы оптикалық технологиялар» тақырыбында
баяндама жасап, интеллектуалды оптикалық жүйелерді қолдану тәжірибесімен
бөлісті және университет пен өнеркәсіптік серіктестер арасындағы ынтымақтастықтың
келешегін атап өтті.
Кафедра
лекторы Пристенная Т.С. «Жасанды
интеллект және заттар интернеті (IoT)» тақырыбында баяндама жасап,
заттар интернеті технологияларын оқу және ғылыми жобаларда қолдану тәжірибесін
ұсынды. Ол ИИ мен IoT технологияларын біріктірудің жаңа буындағы цифрлық
инженерлік экожүйе қалыптастырудағы әлеуетін атап өтті.
Конференцияның өткізілуі
«Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасының цифрландыру мен жасанды
интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу бағытындағы белсенді ұстанымын тағы
бір рет айқындап, Қысқы мектеп–2026 аясындағы кәсіби диалогтың маңызды кезеңіне
айналды.