«Жоғары білім берудегі цифрландыру және жасанды интеллект: сапа және оқытушының жаңа рөлі» атты конференция өтті
Бүгін Программалық инженерия кафедрасында «Жоғары білім берудегі цифрландыру және жасанды интеллект: сапа және оқытушының жаңа рөлі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның ашылу сөзін кафедра оқытушыларына жеке-жеке тоқталып, мазмұнды баяндама жасаумен Программалық инженерия кафедрасының меңгерушісі Сақыпбекова Меруерт Жұмабековна бастады. Ол өз сөзінде кафедраның оқу үдерісіндегі жетістіктеріне, заманауи цифрлық технологияларды білім беруге енгізу тәжірибесіне тоқталып, алдағы уақыттағы сапалы білім беруге бағытталған жылдық қорытынды жоспарларымен бөлісті.
Конференция барысында Темірбеков Нұрлан Мұханович жылдық оқу нәтижелері мен білім беру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар туралы баяндама жасады. Ал Мазаков Талғат Жакупович жасанды интеллект саласындағы тың идеяларымен бөлісіп, аталған тақырыпты тереңінен ашып көрсетті. Оның баяндамасы қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Сонымен қатар, конференцияда кафедраның басқа да оқытушылары сөз сөйлеп, цифрландырудың білім беру жүйесіндегі маңызы, жасанды интеллекттің оқыту үдерісіне ықпалы және студенттердің қызығушылығы мен белсенділігі туралы ойларын ортаға салды.
Аталған конференция жоғары білім берудегі заманауи үрдістерді талқылауға, тәжірибе алмасуға және болашаққа нақты бағыт-бағдар қалыптастыруға үлкен мүмкіндік берді.