«Биохимиялық
инженерия» кафедрасының студенттері профориентациялық жұмысқа белсенді қатысып,
қала мен облыстың мектептерін аралап жүр. Олардың мақсаты — мектеп оқушыларын
ғылымның қазіргі бағыттарымен, кәсіби даму мүмкіндіктерімен және
университеттегі оқу ерекшеліктерімен таныстыру.
БТ-25-1.1к тобының студенті Мұратайқызы Айдана Усть-Каменогорск қаласындағы М.
Дәуленов атындағы мектеп-интернаты оқушыларына биохимиялық инженерия
саласындағы мамандықтар мен әрі қарайғы оқу перспективалары туралы ақпарат
берді.
Молутова
Зумрат Мухитовна (БТ-25-1.1к) Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы М. Таипов
атындағы мектепке, ал Акимжанова Гульвира (БТ-25-1.2к) Жамбыл атындағы мектепке
профориентациялық кездесу өткізді. Қалибаева Меруерт (БТ-25-1.1к) №11 «Жеңіс»
мектеп-гимназиясының оқушыларымен тәжірибесімен бөлісті.
Кездесулер барысында студенттер ғылымның қазіргі бағыттарын таныстырады, университеттегі оқу тәжірибесімен бөліседі және оқушылардың мамандық пен болашақ мансап таңдауы бойынша сұрақтарына жауап береді.
Биохимиялық инженерия кафедрасы профориентациялық жұмысты жалғастырып, мектептермен өзара әрекетті кеңейтіп, жастардың ғылым мен инженерлік салаға қызығушылығын арттыра бермек, осылайша оқушыларға мектеп жасынан бастап кәсіби таңдау жасауға көмектеседі.