Главная Новости «Ғылыми кітапханадағы кафедра күндері»
19 Қаңтар 2026                  65
«Ғылыми кітапханадағы кафедра күндері»

  «Жоғары білім берудегі цифрландыру және жасанды интеллект: сапа және оқытушының жаңа рөлі» атты 2026 жылғы 12–17 қаңтар аралығында өткен оқу-әдістемелік конференция аясында Ғылыми кітапханада Кафедра күндері ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы», «Бағдарламалық инженерия», «Биохимиялық инженерия», «Экономика және бизнес», «Инженериядағы смарт технологиялар», «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедралары бойынша кітапхана қорына жаңадан түскен әдебиеттерге шолу жасалды. Сонымен қатар кітапхана қорының сапасын арттыру, оны толықтыру бағыттары, оқу-әдістемелік басылымдарды дайындау және профессор-оқытушылар құрамы үшін өзектілігі жоғары пәндерге қатысты мәселелер жан-жақты талқыланды.