2026 жылғы 15 қаңтарда Қысқы мектеп–2026 аясында «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасының қатысуымен «Жасанды интеллект дәуірінде кафедраның білім беру бағдарламаларын дамыту» тақырыбында оқу-әдістемелік конференция өтті.
Конференция барысында тағам өндірісінің технологиясы мен инжинирингі бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын цифрлық және AI-құралдарды оқу процесіне енгізу арқылы жаңарту және дамыту мәселелері қарастырылды. Кафедра оқытушылары заманауи оқыту әдістемелеріне, AI-платформаларды, цифрлық сервистер мен инновациялық тәсілдерді қолдануға арналған баяндамалар ұсынды.
Жасанды интеллектті пәндерді оқытуда қолдану, технологиялық процестерді модельдеу және оңтайландыру, сондай-ақ цифрлық құралдарды білім беру ортасына интеграциялау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Конференция қорытындысы бойынша ұсынылған баяндамалар талқыланып, кафедраның білім беру бағдарламаларын одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсынымдар қабылданды.