Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру жылы деп жариялады, бұл жоғары білім беру жүйесіне озық технологияларды енгізудің стратегиялық маңыздылығын көрсетеді. Осы бағытты іске асыру аясында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (ХИТУ) 2026 жылғы 12-17 қаңтар аралығында «Жоғары білім берудегі цифрландыру және жасанды интеллект: сапа және оқытушының жаңа рөлі» тақырыбында Қысқы мектеп–2026 оқу-әдістемелік конференциясы өтті.
Бір апта бойы университеттің кафедралары өздерінің бейіндік бағыттары бойынша жеке секциялық отырыстар өткізіп, келесі мәселелерге бағытталды:
- оқу процесіне цифрландыруды және жасанды интеллектті енгізу мәселелері;
- білім беру бағдарламаларын 2026 жылғы нарық талаптарына сәйкес жаңарту;
- жоғары білім сапасын арттыру және ПОҚ-тың кәсіби қайта даярлаудан өтуі.
2026 жылғы 17 қаңтарда барлық кафедралар жұмысының жалпыланған нәтижелері ұсынылған қорытынды конференция өтті. Негізгі баяндама жасағандар:
Ақпанбетов Дархан Берікұлы, ХИТУ Ректоры: «Жоғары білімдегі цифрландыру және ЖИ»;
Әбділдаева Әсел Асылбекқызы, Академиялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор: «Жоғары білімдегі цифрландыру және ЖИ: сапа және оқытушының жаңа рөлі»;
Каруна Оксана Леонидовна, Ғылым, инновациялық саясат және маркетинг жөніндегі проректор: «ЖИ ғылымның серіктесі ретінде: зерттеу практикаларының трансформациясы»;
Ділдебаева Жұлдыз Тұрсынқызы, «Экономика және бизнес» кафедрасының меңгерушісі: «ЖИ дәуіріндегі студенттің кәсіпкерлік ойлауы: деректерді талдаудан құндылық жасауға дейін»;
Қазыбаева Сәуле Жамбылқызы, қауымдастырылған профессор, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты: «ЖИ элементтерімен «Жүзім шаруашылығы» пәнін оқыту әдістері».
Конференция қорытындысы бойынша ХИТУ-де білім беру процесіне ЖИ технологияларын одан әрі енгізу бойынша негізгі тұжырымдар мен ұсыныстарды бекітетін резолюция қабылданды.
Өткізілген Қысқы мектеп–2026 ХИТУ ұжымы үшін тәжірибе алмасудың және жоғары білімді жаңғыртудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеудің нәтижелі кезеңі болды. Бұл іс-шара университеттің ауқымды цифрлық сын-қатерлерге дайындығын растап, мамандарды даярлау сапасын одан әрі арттырудың негізін қалады.