Жоғары білімде цифрландыру және жасанды интеллект:
сапа және оқытушының жаңа рөлі» Қысқы мектеп–2026 аясында өткізілген оқу-әдістемелік конференция
2026 жылғы 12–17 қаңтар аралығында Қысқы мектеп–2026 аясында «Жоғары білімде цифрландыру және жасанды
интеллект: сапа және оқытушының жаңа рөлі» тақырыбында оқу-әдістемелік
конференция өткізілді. Конференцияға «Әлеуметтік-гуманитарлық
пәндер және әлем тілдері» кафедрасының оқытушылары белсенді қатысты.
Іс-шара барысында тілдер мен әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытуда
жасанды интеллектті қолдануға арналған ғылыми-әдістемелік докладтар ұсынылды.
Конференция шеңберінде келесі ғылыми-әдістемелік баяндамалар жасалды:
- Жаппасов Жарылқасын Еркинұлы, тарих ғылымдарының кандидаты,
қауымдастырылған профессор, кафедра меңгерушісі — «Генеративті ЖИ
модельдері негізінде тілдер мен әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді бейімделмелі оқыту әдістемесі».
- Айткулова Куралай Оңғарқызы, педагогика ғылымдарының магистрі, лектор — Шетел тілін оқытудың
инновациялық әдістері мен формалары».
- Нурмолдаев Дарын Муратұлы, педагогика ғылымдарының магистрі, лектор — «Жасанды
интеллект – орыс тілін оқытудың бейімделмелі моделінің негізі».
- Тебегенова Алтынарай Темірханқызы, филология ғылымдарының кандидаты, PhD,
қауымдастырылған профессор — «Қазақ тілі сабақтарында жасанды интеллект
технологиясын қолданудың тиімділігі».
- Шаймуханова Сауле Дюсетаевна, тарих ғылымдарының кандидаты,
қауымдастырылған профессор — «Жасанды интеллект –
әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушысының құралы ретінде».
- Олжашов Айдын Айдарұлы, философия ғылымдарының магистрі, оқытушы — ««Философия»
курсында жасанды интеллект технологияларын қолдану».
Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар
жасанды интеллекттің білім сапасын арттырудағы, оқытуды дараландырудағы
әлеуетін, сондай-ақ оқытушылардың цифрлық компетенцияларын дамыту қажеттілігін
атап өтті. Іс-шара ғылыми-әдістемелік тәжірибе алмасуға және университеттің
білім беру процесінде цифрлық технологияларды одан әрі енгізу перспективаларын
талқылауға мүмкіндік берді.