2026 жылғы 27 қаңтарда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) студенттерді, кәсіпкерлерді және инновациялар мен бизнес саласындағы сарапшыларды біріктірген «Ideas in Action: METU × KIT» атты маңызды іс-шара өтті.
Аталған іс-шараға «Экономика және бизнес» кафедрасының оқытушылары мен студенттері, оның ішінде «Туризм» және «Қаржы» білім беру бағдарламаларының білім алушылары белсенді қатысты. Кафедра өкілдерінің қатысуы білім беру процесін кәсіпкерлік және инновациялық қызметтің практикасымен ықпалдастырудың маңызды элементіне айналды.
Іс-шара аясында METU мен Кәсіпкерлердің халықаралық «KIT» қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісім кәсіпкерлік құзыреттерді дамытуға, стартап-жобаларды қолдауға және студенттік бастамаларды коммерцияландыруға бағытталған.
«Жасаушылар синергиясы» тақырыбындағы шабыттандыратын дәріспен Кәсіпкерлердің халықаралық «KIT» қауымдастығының негізін қалаушы Даурен Бимов сөз сөйледі. Ол университет пен бизнес-қоғамдастық арасындағы серіктестіктің, инновациялық ойлау мен пәнаралық өзара әрекеттестіктің маңыздылығына ерекше назар аударды.
«Экономика және бизнес» кафедрасының студенттері өздерінің жобалық идеялары мен стартап-бастамаларын ұсынып, кәсіби сараптамалық кері байланыс, жобаларды дамыту және оларды практикалық іске асыру бойынша нақты ұсынымдар алды.
Іс-шара нетворкинг-сессиямен және METU зертханалары бойынша шағын экскурсиямен аяқталып, қатысушыларға кәсіби байланыстарды кеңейтуге және университеттің инновациялық инфрақұрылымымен танысуға мүмкіндік берді.
«Ideas in Action: METU × KIT» іс-шарасына «Экономика және бизнес» кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің қатысуы практикалық-бағдарланған оқытуды дамытуға, кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыруға және студенттік идеяларды коммерцияландыру мен кәсіби өсудің жаңа мүмкіндіктерін жасауға маңызды үлес қосты.