Халықаралық
инженерлік-технологиялық университетінде (METU) «Қаржы» және «Есеп және
аудит» білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған қаржылық
сауаттылық бойынша мастер-класс өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің Бас филиалы агенттігінің (ҚР ҰБ БФА) өкілдерінің қатысуымен
ұйымдастырылды.
Мастер-кластың
ұйымдастырушысы — Бердимуратова Куралай
Кадиркуловна, эғм, «Экономика
және бизнес» кафедрасының лекторы.
Іс-шара барысында
ақша-несие жүйесінің жұмыс істеуі және мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын
қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.
«Ақша-несие саясаты» тақырыбында ҚР ҰБ БФА экономикалық талдау және статистика бөлімінің
басшысы Мухамедьянов Олжас Дамирович
баяндама жасады. Спикер өз сөзінде ақша-несие саясатының мақсаттары мен
құралдарын, Ұлттық Банктің баға тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлін,
сондай-ақ макроэкономикалық шешімдердің қаржы нарығы мен ел экономикасына
әсерін жан-жақты түсіндірді.
Студенттер
арасында Қазақстан Республикасының
ұлттық валютасы — теңге тақырыбы ерекше қызығушылық тудырды.
Мастер-класс барысында теңгенің даму хронологиясы ұсынылып, қолданыстағы
банкноттар, «Сақ стилі» жаңа
банкноттар сериясы, сондай-ақ коллекциялық монеталар және олардың қаржылық
мәдениетті қалыптастыру мен инвестициялық нарықты дамытудағы маңызы
қарастырылды.
Жеке бөлім
заманауи инвестициялық құралдарға арналды. ҚР ҰБ БФА қолма-қол ақшамен жұмыс
және кассалық операциялар бөлімінің басшысы Токмагамбетов Асқар Төребекұлы Gold Coin инвестициялық өнімін таныстырып, оның ерекшеліктері,
артықшылықтары және капиталды сақтау мен көбейту құралы ретіндегі
мүмкіндіктерін түсіндірді.
Мастер-класс
барысында студенттер жоғары белсенділік танытып, қаржылық сауаттылықты арттыру, қаржылық алаяқтықтың алдын алу, қаржылық қызметтер тұтынушыларының құқықтарын қорғау, сондай-ақ
қаржы жүйесінің жұмыс істеуінің практикалық аспектілері бойынша мазмұнды
сұрақтар қойды. Ұлттық Банк мамандарымен болған ашық диалог студенттердің
кәсіби білімін тереңдетіп, тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік
берді.
Өткізілген
іс-шара студенттердің қаржылық мәдениетін қалыптастыруға және қаржы, есеп және аудит салалары бойынша болашақ мамандарды даярлау
сапасын арттыруға маңызды үлес қосты.