«Идеи в действии: METU x KIT» шарасы
аясында Brilliant
Minds командасы инновациялық стартап-жоба OMNICOOK —
үйге арналған ақылды модульді асүй концепциясын таныстырды. Жоба тағам дайындау
процесін кешенді автоматтандыруға бағытталған.
Команда құрамы:
·
Жобаның менторы: Сисенбаева Анар Сисенбаевна
·
Бағдарламашы-әзірлеуші: Ерик Абильмансур
·
Дизайнер және спикер: Баймуратов Адилет
·
Спикер: Малик Карина
Жоба тағам дайындауға кететін уақыт пен
еңбек шығынын азайту мәселесін шешуге бағытталған. Көптеген қазіргі «ақылды» ас
үй құрылғыларынан ерекшелігі — OMNICOOK модульді жүйе ретінде толық
процесс автоматтандыруды қамтамасыз етеді: ингредиенттерді дайындаудан бастап
дайын тағам алу кезеңіне дейін.
Бұған қоса, команда жобаның әлеуметтік
маңыздылығын атап өтті. Жүйе мүгедектігі бар адамдарға көмектесуге бейімделіп,
тұрмыстық қолжетімділікті арттырып, өздігінен тағам дайындауды жеңілдетеді.
Технологияны қоғамдық тамақтандыру және food-tech
саласында енгізу перспективалары да қарастырылуда: мейрамханаларда, ашық
асүйлерде және демонстрациялық форматтарда. Бұл контексте концепция show kitchen
форматына сәйкес салыстырылды, онда тағам дайындау процесі пайдаланушы
тәжірибесінің бір бөлігіне айналады.
Презентация барысында қатысушылар жүйенің концептуалды 3D моделін
көрсетті, модульдік архитектураның жұмыс принциптері, қолданылатын
технологиялар, материалдар және жабдықтың болжамды құны туралы ақпарат берді.
Жобаның техникалық бөлімі сарапшылар мен қатысушылардың ерекше қызығушылығын
тудырды.
Стендтік сессия қорытындысы бойынша OMNICOOK
жобасы оң пікірлерге ие болды және жобаны әрі қарай дамыту мен іске асыру
мүмкіндіктері белсенді талқыланды.