Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры «Идеялар іс жүзінде: METU × KIT» — студенттер, кәсіпкерлер мен сарапшыларды біріктірген маңызды іс-шара
27 Қаңтар 2026                  107
«Идеялар іс жүзінде: METU × KIT» — студенттер, кәсіпкерлер мен сарапшыларды біріктірген маңызды іс-шара
2026 жылғы 27 қаңтарда METU қабырғасында студенттерді, кәсіпкерлер мен салалық сарапшыларды біріктірген ауқымды іс-шара — «Идеи в действии: METU × KIT» өтті.

Іс-шара аясында METU мен KIT халықаралық кәсіпкерлер қауымдастығы арасында іскерлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі ұйымдастырылды. Бұл келісім білім, кәсіпкерлік және инновация салаларындағы бірлескен жобаларды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Бағдарламаның маңызды бөліктерінің бірі — KIT негізін қалаушы Даурен Бимовтың арнайы сөзі болды. Ол «Синергия созидателей» тақырыбында шабыттандыратын дәріс оқып, заманауи басқару, инновациялық ойлау және кәсіпкерліктің болашағы туралы өз тәжірибесімен бөлісті.

Даурен Бимов — Ironman, меценат, кітаптар авторы, инновациялық басқару жүйелерінің авторы, Әзербайжан–Қазақстан Іскерлік кеңесінің және Астана Кәсіпкерлер палатасы аймақтық кеңесінің теңтөрағасы, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалінің иегері. Ол логистика саласындағы Status Management Group компаниялар тобының, ASR экожүйесінің, KIT халықаралық кәсіпкерлер қауымдастығының және жастарды дамыту орталығы SAF-тың негізін қалаушы.

Сонымен қатар, іс-шара барысында:

студенттік жобалар көрмесі өтті;

қатысушылар кәсіби кері байланыс алды;

тәжірибе алмасу сессиялары ұйымдастырылды;

кофе-брейк пен нетворкинг өтті;

METU зертханаларына экскурсия жасалды.

Бұл кездесу тек ресми іс-шара ғана емес, студенттік идеяларды коммерцияландыруға, кәсіби даму мен кәсіпкерлік жолды бастауға бағытталған жаңа мүмкіндіктердің бастауы болды.

METU × KIT — болашақты бірге құрамыз.