ПиАП-25-1к тобының студенті Жолдасбаева Арайлым Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты «Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында оқушыларға жоғары білім беру ұйымдарындағы білім беру бағдарламалары, түрлі мамандықтардың ерекшеліктері және болашақ кәсіби бағытты саналы түрде таңдаудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді.