2026 жылғы 29 қаңтарда «Технологиялық машиналар және жабдықтар» және «Тағам өнімдерін өндіру технологиялары және инжиринг» білім беру бағдарламаларының эдвайзерлері Мажиева Э.М. және Даулетханқызы А. өз студенттерімен бірге ашық эдвайзерлік сағат өткізді.
Іс-шараның тақырыбы - «Заң мен тәртіп». Ашық эдвайзерлік сағат барысында студенттерге құқықтық мәдениет, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіптің маңыздылығы және азаматтық жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.