Главная Новости «Мұқағали – мәңгілік мұра» кітап көрмесі
04 Ақпан 2026                  96
«Мұқағали – мәңгілік мұра» кітап көрмесі

Қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы, ұлт руханиятының биік шыңы – Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай 9–22 ақпан аралығында өтетін «Мұқағали апталығы» аясында ұйымдастырылған «Мұқағали – мәңгілік мұра» атты кітап көрмесі оқырман қауымға жол тартты.

Көрмеде ақынның поэзиялық жинақтары, прозалық еңбектері, күнделіктері мен естеліктері, сондай-ақ Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын зерттеген әдеби-сын еңбектер ұсынылған. Экспозиция арқылы ақынның адам жанының терең сырын, туған жерге, елге, ана тіліне деген шексіз махаббатын жырлаған шығармалары кеңінен таныстырылады.

Сонымен қатар «Мұқағали апталығы» аясында «Мұқағали LIVE» челленджі ұйымдастырылады. Челлендж форматы – қысқаметражды бейнеролик. Әр топтан бір жұмыс қабылданып, қатысушылар ақын өлеңдерін оқу, сезіну және көркем түрде жеткізу арқылы Мұқағали поэзиясына деген өз көзқарасын білдіреді. Бейнероликтер Instagram Direct арқылы қабылданады.

Кітап көрмесі мен челлендж жас ұрпақты ұлттық әдебиетті сүюге, Мұқағали мұрасын терең тануға және шығармашылық белсенділікке баулуды мақсат етеді.