Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру аясында кафедра студенттері Қырғыз Республикасының И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінде білім алуда.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына «Тағам өнімдерін өндіру технологиялары және инжиринг» және «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламаларының білім алушылары қатысуда. Серіктес жоғары оқу орнында білім алу студенттердің кәсіби құзыреттерін кеңейтуге, бейінді пәндерді меңгеруге, сондай-ақ тағам технологиялары, инжиниринг және техникалық реттеу саласында академиялық тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру халықаралық жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, білім беру сапасын арттыруға және білім беру бағдарламаларын халықаралық академиялық кеңістікке ықпалдастыруға бағытталған.