Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры МИТУ-да «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының Академиялық комитетінің ашық отырысы
11 Ақпан 2026                  1016
МИТУ-да «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының Академиялық комитетінің ашық отырысы


2026 жылғы 11 ақпанда Международный инженерно-технологический университет (MITU) базасында «Экономика және бизнес» кафедрасының «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы Академиялық комитетінің ашық отырысы өтті. Отырыс еңбек нарығының заманауи талаптары мен кәсіби стандарттарды ескере отырып білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту мәселелеріне арналды.

Комитет жұмысына жұмыс берушілер, профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты. Кездесу барысында білім беру бағдарламаларының жобалары қаралып, оларды жоғары білім беруді дамытудың стратегиялық басымдықтарына сәйкес жаңарту мәселелері талқыланды.

Түлектердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға, оқытудың тәжірибеге бағытталған сипатын күшейтуге және теориялық дайындықты қаржы-экономикалық саладағы нақты міндеттермен ықпалдастыруға ерекше назар аударылды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы қаржы-экономикалық қызмет саласындағы кәсіби біліктілік жөніндегі Салалық кеңестің төрайымы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Миржакипова С.Т. сөз сөйледі. Ол «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасын жетілдіру жұмыстары 2025 жылғы қыркүйектен бастап жүргізіліп жатқанын атап өтті. Кафедра меңгерушісі Жұлдыз Тұрсынованың бастамасымен жұмыс берушілермен және ACCA өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, бағдарлама модернизациясының бағыттары талқыланған.

Седеф Тоқтамұратованың айтуынша, пән атаулары өзгеріссіз қалғанымен, бірқатар пәндердің мазмұны жұмыс берушілердің ұсынымдары мен ACCA талаптарын ескере отырып жаңартылған.

Сондай-ақ ACCA Орталық Азия, Армения және Моңғолия бойынша қарым-қатынастарды дамыту жөніндегі менеджері Шкубарова Әсел сөз сөйлеп, білім беру бағдарламаларының ACCA талаптарына толық сәйкес келетінін атап өтті. Ол соңғы үш жыл бойы MITU бағдарламалар мазмұнын кәсіби қауымдастықпен келісіп келе жатқанын, бұл мамандар даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететінін айтты.

«IFC COLOS» ЖШС қаржы директоры Грищенко бұған дейін жұмыс берушілер форумында ҚР Салық кодексіндегі өзгерістерге байланысты жекелеген тақырыптарды қайта қарау ұсынылғанын атап өтті. Қазіргі уақытта оның айтуынша, «Салықтар» пәнінің мазмұнына тиісті толықтырулар енгізілген, ал пәнді 6-семестрге орналастыру негізді әрі уақтылы болып табылады.

Студент Серикова Ұлбосын білім алушылар атынан «Бухгалтерлік есепті компьютерлендіру (1С)» пәнін 7-семестрге ауыстыруды ұсынды. Оның айтуынша, пәнді үшінші курста оқу барысында белгілі бір қиындықтар туындаған, себебі оны тиімді меңгеру үшін бірқатар бейіндік пәндер бойынша терең дайындық қажет.

Қауымдастырылған профессор Габдуллин, сондай-ақ «Ритм Ойл» ЖШС қаржы директоры, студенттердің пікірін қолдады. Ол аталған пәннің оқытушысы ретінде оқу жоспарындағы орнын түзету қажеттілігімен келісетінін айтты. Сонымен қатар, түлектердің еңбек нарығында сұранысқа ие екенін, соның ішінде KPMG сияқты ірі компанияларда жұмыс істейтінін атап өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша Академиялық комитет мүшелері айтылған ұсыныстар мен ұсынымдарды білім беру бағдарламаларын одан әрі жетілдіру барысында ескеруге шешім қабылдады. Атап айтқанда, «Бухгалтерлік есепті компьютерлендіру (1С)» пәнін кейінгі семестрге ауыстыру мүмкіндігін қарастыру, сондай-ақ заңнамадағы өзгерістер мен жұмыс берушілердің сұраныстарын ескере отырып пәндер мазмұнын жаңарту жұмысын жалғастыру қолдау тапты.

Кәсіби қауымдастық, жұмыс берушілер және білім алушылар өкілдерімен тұрақты диалог қаржы-экономикалық саладағы өзгерістерге жедел әрекет етуге және мамандар даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Отырыстың соңында қатысушылар әрі қарайғы ынтымақтастыққа дайын екендерін білдіріп, осындай ашық кездесулердің білім беру бағдарламаларын дамыту бойынша сындарлы пікір алмасу мен бірлескен шешімдер қабылдаудың тиімді алаңы ретіндегі маңыздылығын атап өтті.