Бүгін Халықаралық инженерлік-технологиялық университетте (METU) университеттің футбол құрамасына іріктеу кезеңі өтті. Іс-шара өз шеберлігін көрсетіп, оқу орнын ресми жарыстарда таныстыруға мүмкіндік алғысы келген көптеген студенттердің басын қосты.
Іріктеу ойындарына 14 командадан 67 ойыншы қатысып, жоғары дайындық деңгейін, командалық үйлесімділікті және нағыз спорттық мінез көрсетті. Сынақ барысында ойындық кездесулер өткізіліп, допты меңгеру техникасы, физикалық төзімділік және тактикалық ойлау қабілеті бағаланды.
Іріктеу қорытындысы бойынша тек 9 ойыншы университеттің негізгі құрамасына қабылданды. Таңдау жаттықтырушылар штабы тарапынан ойыншылардың жеке қабілеттері, командалық үйлесімділігі және болашақтағы даму әлеуеті ескеріліп жүргізілді.
Іріктеуден өткен студенттерді құттықтаймыз және командаға нәтижелі жаттығулар, жарқын жеңістер мен алдағы жарыстарда университет намысын абыроймен қорғауды тілейміз!