Главная Новости Халықаралық ынтымақтастық: METU және Mongolian University of Science and Technology (MUST) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
19 Қаңтар 2026                  170
Халықаралық ынтымақтастық: METU және Mongolian University of Science and Technology (MUST) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

2026 жылғы 19 қаңтарда Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU) мен Моңғолия ғылым және технология университеті (Mongolian University of Science and Technology, MUST) арасында халықаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Келісімге қол қою университеттер арасындағы академиялық, ғылыми және инновациялық өзара іс-қимылды дамытуға, халықаралық байланыстарды нығайтуға және студенттер, магистранттар мен профессор-оқытушылар құрамына жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған.

Келісім аясында бірлескен іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, сондай-ақ кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру жоспарлануда.

Тараптар қол қойылған келісім ұзақ мерзімді серіктестіктің негізі болып, ғылыми байланыстарды кеңейтуге және өзара қызығушылық тудыратын бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ықпал ететініне сенім білдірді.